Еңбекшілдер ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № а-5/177 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 шілдеде 4278 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № а-7/136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 01.07.2015 № а-7/136 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 31 бабына сәйкес, «Еңбекшілдер ауданының ауылдық желдерінде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі № С-29/6 шешімінің негізінде, Еңбекшілдер аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбекшілдер ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. «Еңбекшілдер ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» 2012 жылғы 7 мамырдағы № а-4/148 Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-10-162 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 мамырда «Жаңа дәуір» Еңбекшілдер ауданының газетінде және 2012 жылғы 26 мамырда «Сельская новь» Еңбекшілдер ауданының газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Шәуеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Садуақасұлы

Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 24 маусымдағы  
№ а-5/177 қаулысына    
қосымша           

Еңбекшілдер ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) мүгедектер мен қарт адамдарды күту бойынша әлеуметтік қызметкер.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме басшысы және басшының орынбасары;
      2) барлық мамандықтардың мұғалімдері, тәрбиеші, әдіскер, психолог, бастаушы;
      3) музыкалық жетекші, көркемдік жетекші;
      4) мамандар (бас, аға) оның ішінде: кітапхана меңгерушісі, кітапханашы;
      5) медициналық бике.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме басшысы;
      2) мамандар (бас, аға) оның ішінде кітапханашы, көркемдік жетекші;
      3) мәдени ұйымдастырушы.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) әдіскер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады