«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 24 қазанндағы № а-10/414 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4480 тіркелген, 2014 жылғы 22 желтоқсанда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) Есіл ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының көшірмесі Ақмола облысының Әділет департаментіне жіберілсін.
3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Г.Н.Сағнаевқа жүктелсін.
4. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі А.Қалжанов