Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 27.05.2015 № а-5/223 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне, «Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы» 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № А-11/556 Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына, «Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы» 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 5С-20-10 Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Есжанов Д.Б. жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Рахметов
Есіл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 24 қазандағы
№ а-10/414 қаулысымен
бекітілді
«Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауыл әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімнің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020900, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Знаменка ауылы, Центральная көшесі, 5.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде - «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат акима села Знаменка Есильского района Акмолинской области».
10. Осы Ереже «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары.
13. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің миссиясы: тиісті аумақтарды дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктерімен байланысып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.
14. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері: ауыл әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді әкім аппараты жүзеге асырады.
15. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің атқаратын міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет егемендігін, Конституциялық құрылысын қорғау және бекіту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету саясатын жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс, аудан, округ және ауыл әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің мінсіз орындалуын ұйымдастырады;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырады;
4) ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің талдауын жүргізеді, тиісті ұсыныстар дайындайды;
5) мемлекеттік органның жұмысына объективті талдау жасайды, ауыл әкімінің қатысумен шешімді қажет ететін маңызды мәселелерді анықтайды;
6) заң және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік және еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті бекітуге көмектеседі;
7) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарайды, оларды қабылдауды ұйымдастырады;
8) мемлекеттік және орыс тілдерін дұрыс қолдануға бағытталған шараларды, іс жүргізу ережелерінің сақталуын, мемлекеттік орган жұмысының тәсілдері мен әдістерін жақсартуды жүзеге асырады;
16. Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің құқығы мен міндеттері:
1) өз құзыреттігі шегінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
2) мемлекеттік көліктерді, байланыс жүйелері мен коммуникацияларды пайдалану;
3) мамандарды жұмысқа тарту, оның ішінде құқық қорғау, қаржы, салық және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін шарт негізінде;
4) мемлекеттік билік органдары қызметінің құрылымын жетілдіру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізу;
5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, еңбек шартының, олармен шығарылған актілердің талаптарын сақтау;
6) қызметшілерді кәсіби дайындау және қайта дайындау және біліктіліктерін жетілдіруді қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауыл әкімі жүзеге асырады.
18. Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен ауылдың әкімі қызметке тағайындалады немесе лауазымынан босатылады немесе сайланады және босатылады.
19. Ауыл әкімінің өкілеттегі:
1) «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шаралардың қабылдануына жеке жауапты;
2) «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтауды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалардың салынуын жүзеге асырады;
5) «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуға тиісті оның құзыреттілігіне енетін мәселелер бойынша нұсқаулықтар береді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда ұсынады;
7) «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі келешек және ағымдағы жоспарларын бекітеді;
8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ауылдың әкімі болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. «Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.