Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5-тармағына сәйкес және Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №1145 "Тарифтерді белгілеу туралы" қаулысының қабылдануына байланысты Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тараз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы №40-5, "Жеңілдікпен жол жүру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-1-133 болып тіркелген, 2011 жылы 07 шілдеде № 30) "Жамбыл Тараз" газетінде жарияланған) шешімі жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, азаматтар құқығын қорғау, құқылық тәртібі, және гендерлік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тараз қалалық мәслихаты | Тараз қалалық |
сессиясының төрайымы | мәслихатының хатшысы |
Ш. Иманбекова | Б. Нарбаев |