Жеңілдікпен жол журу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы N 40-5 Шешімі. Тараз қалалық Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 шілдеде № 6-1-133 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз калалық мәслихатының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 38-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз калалық мәслихатының 30.01.2015 № 38-5 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 - бабына және 47- бабының 4 тармағына сәйкес, Тараз қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Тараз қаласының меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне (он бес жастан жоғары жастағы) қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруі қолданыстағы тарифінің 50 пайызын төлеу түрінде жеңілдікпен белгіленсін.
      2. Тараз қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша тиісті шаралар қабылдау ұсынылсын.
      3. "Білім алушылардың қаланың ішіндегі (таксиден басқа) қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі туралы" Тараз қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 2 сәуірдегі № 11-4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-2 болып тіркелген, 2005 жылғы 11 мамырда № 25 "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы Шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi және 2011 жылдың 1 қыркүйегінен қолданысқа енгiзiледi.

      Тараз қалалық мәслихаты Тараз қалалық
      сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
      А. Қошмамбетов Ө. Байшығашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады