Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлы іс-шараларды жүргізуіне байланысты Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылының аумағынан белгіленген карантин алынсын.
Күші жойылды деп танылсын:
1) Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 09/01 "Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 2562 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 наурыздағы № 11 (1045) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 25 сәуірде жарияланған);
2) Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 32/03 "Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 09/01 "Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3396 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қыркүйектегі № 37 (1123) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 14 қыркүйекте жарияланған).
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
Аудан әкімінің м.а. | А.Әли |