Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 09/01 "Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 32/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 қыркүйекте № 3396 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 46/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 27.11.2015 № 46/02 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 09/01 "Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2562 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 наурыздағы № 11 (1045) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 25 сәуірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
      2–тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "2. "Бұқар жырау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабында белгіленген, жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін";
      4–тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Бұқар жырау ауданының әкімі

Н. Кобжанов


      "КЕЛІСІЛДІ"
 

"Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің
Бұқар жырау аудандық аумақтық
инспекциясы" басшысы
_____________ Е. Садиров


       2015 жылғы 06.08
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады