«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Кен орындарын жерасты ұңғылап және үймелеп шаймалау тәсілдерімен игерудің өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 наурыздағы N 79 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4170 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2006 ж. қараша, № 16, 227-құжатта жарияланған);
2) «Кен орындарын жерасты ұңғылап және үймелеп шаймалау тәсілдерімен игерудің өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 79 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6044 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан 2010 ж. 13 наурызда № 94-95 (25941) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрық жөнінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 17 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_____________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 12 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
____________ В. Школьник
2015 жылғы 4 маусым