"Кен орындарын жерасты ұңғылап және үймелеп шаймалау тәсілдерімен игерудің өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 79 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы N 10 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6044 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 647 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 647 бұйрығымен.

      Кен орындарын жерасты ұңғылап және үймелеп шаймалау тәсілдерімен игеру кезінде қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кен орындарын жерасты ұңғылап және үймелеп шаймалау тәсілдерімен игерудің өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 79 бұйрығына (№ 4170 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2006 ж., № 16, 79-құжат, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген кенорындарын жерасты ұңғылап және үймелеп шаймалау тәсілімен игеру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінде:
      57-тармақта «кәсіпорындар» деген сөзден кейін «жұмыс орнында белгіленген тәртіппен мақсатты нұсқамалық жүргізумен» деген сөздермен толықтырылсын;
      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Технологиялық сызбаға сәйкес арнайы стендке орналастырудың және нөмір берудің алдында:
      бекітілген кестеге сәйкес пайдалану процесінде үнемі;
      барлық бекіткіш арматура, сондай-ақ қайтарма және сақтандыру клапандарының механикалық беріктігі тексеріліп, саңылаусыздыққа гидравликалық сынақтан өткізілуге және бекіткіш арматураны сынау журналына тіркелуге тиісті».
      84-тармақтың төртінші абзацында «Еңбекті қорғаудың жай-күйі журналы» деген сөздер ««Жабдықтың жөндеу-пайдалану паспорты»» деген сөздермен ауыстырылсын:
      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жабдықты жөндеу алдын-ала жоспарлы жөндеу кестесіне сәйкес жұмыс жүргізу жобасы немесе технологиялық карталар бойынша жүргізілуі керек. Жөндеу нәтижелері «Жабдықтың жөндеу-пайдалану паспортына» жазылады.»;
      356-тармақта «жемір сұйықтар» деген сөздерден кейін «мен өнімді ерітінділер» деген сөздермен толықтырылсын;
      395-тармақтың 4) тармақшасы және 440-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) 5 мл мөлшеріндегі инокаин ерітіндісінің (оксибупрокаин) шоғырлануы 0,4% немесе 15 мл мөлшеріндегі алкаин ерітіндісінің (проксиметакаин) шоғырлануы 0,5%;»;
      «5) 5 мл мөлшеріндегі инокаин ерітіндісінің (оксибупрокаин) шоғырлануы 0,4% немесе 15 мл мөлшеріндегі алкаин ерітіндісінің (проксиметакаин) шоғырлануы 0,5%;»;
      707-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Қышқыл қоймасында:
      су құбырының болуына қарамастан, көлемі 1,2 х 1,0 х 1,0 м сыйымдылықтағы судың қоры 1 м3 мөлшерінде;
      3% қос көмірқышқылды сода ерітіндісі 1 литрден кем емес мөлшерде;
      сұйылтылған бор қышқылының ерітіндісі 0,5 литр мөлшерінде;
      ұнтақ тәрізді сода 0,5 кг мөлшерінде;
      5 мл көлеміндегі инокаин (оксибупрокаин) ерітіндісінің шоғырлануы 0,4 % немесе 15 мл көлеміндегі алкаин (проксиметакаин) ерітіндісінің шоғырлануы 0,5 %;
      мақта немесе мақта анжысы болуы тиіс.».
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаменті (М.Б. Шәріпов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      С. Мыңбаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі:
      _____________ Ж.Досқалиев
      2009 жылғы 9 желтоқсан

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау министрі:
      ___________________ Н. Әшімов
      2009 жылғы 21 желтоқсан

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі:
      _____________ Г. Әбдіқалықова
      2009 жылғы 25 желтоқсан

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар министрі:
      _________________ В. Божко
      2009 жылғы 31 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады