“Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 319 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4766 болып тіркелген, 2014 жылы 11 қазанда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т.Дүйсебаев |