Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 27 тамыздағы N 319 қаулысы. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2014 жылғы 30 қыркүйекте N 4766 болып тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 150 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 20.07.2015 № 150 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, “Мемлекеттiк мүлiк туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және “Мемлекеттiк мүлiк туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 18 сәуiрдегi №49-ө өкiмiне сәйкес Жалағаш ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкiмiнiң орынбасары Ө.Елеусіновке жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жалағаш ауданының әкімі Т.Дүйсебаев

  Жалағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 27 тамыздағы № 319 қаулысымен бекiтiлген

Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттiк мүлiк туралы” Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану тәртiбiн айқындайды.

      2. Өзiнiң бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзiнiң бағуындағы жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншiкке түседi және осы қағидаға сәйкес пайдаланылады.

2. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншiкке келiп түсу тәртiбi

      3. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншiкке келiп түсуi тапсыру-қабылдау актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.Тапсыру-қабылдау актiсiнде аудандық коммуналдық меншiкке түсетiн жануарлардың түрi, жынысы, түсi, жасы көрсетiлуi тиiс.Тапсыру-қабылдау актiсi жануарларды тапсырған тұлғаның, тиісті жергілікті атқарушы органдарының, “Жалағаш аудандық ветеринария бөлiмi” мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi-ветеринария бөлiмi), “Жалағаш аудандық қаржы бөлiмi” мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi-қаржы бөлiмi) жауапты қызметкерлерiнiң қатысуымен жасалады.Тапсыру-қабылдау актiсiн қаржы бөлiмiнiң басшысы бекiтедi.

      4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн жануарларды тапсыру-қабылдау актiсi негiзiнде теңгерiмге алу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.

3.Аудандық коммуналдық меншiкке келiп түскен жануарларды пайдалану тәртiбi

      5. Жануарларды есепке алу, бағалау, сату шығындары жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      6. Жергілікті атқарушы орган жануарларды уақытша күтiмге алатын жеке немесе заңды тұлғаларды анықтау кезiнде олардың жануарларды күтімге алу жағдайына алдын-ала зерттеу жүргізеді. Зерттеу барысында міндетті түрде күтімге алатын жеке немесе заңды тұлғаның жануарды демалу, орын ауыстыру және табиғи қалпын қабылдау мүмкіндігі үшін кеңістік көлемімен, қажет болған жағдайда олардың қозғалу, ұйықтау, табиғи белсенділік таныту, табиғи ортамен байланыс жасау, қоректену және су ішу қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігімен, астаулармен, суаттармен және олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған басқа да жабдықтармен, жем-шөппен және ішетін сумен, сонымен қатар жануарларға адамгершілік тұрғыда қарай алатыны ескерілуі тиіс.

      7. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен жануарлар оларды уақытша күтімге алу үшін жергілікті атқарушы орган анықтаған жеке немесе заңды тұлғаларға қаржы бөлімімен келісім шарт негізінде беріледі.

      8. Жануарларды күтiмге алу шығыны жеке немесе заңды тұлғаға қаржы бөлiмiмен жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi.

      9. Жануарларды бағу мен пайдалануына берiлген жеке немесе заңды тұлға жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны мөлшерiнде жауапты болады.

      10. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу iс-шаралары ветеринария бөлiмiнiң қадағалауымен жүзеге асырылады.Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылады.

      11. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз қалған жануарлар аукцион арқылы сатылады. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi бюджет кiрiсiне толық есептеледi.

4.Жануарларды бұрынғы меншiк иесiне қайтару тәртiбi

      12. Жануарлар аудандық коммуналдық меншiкке өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншiк иесiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн мән-жайлар болған кезде ауданның тиiстi жергiлiктi атқарушы органмен келiсiм бойынша айқындалатын шарттармен, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда сот тәртiбiмен оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.

      13. Жануарларды қайтару бұрынғы меншiк иесiнiң оларды бағуға байланысты шығынды жергiлiктi бюджет кiрiсiне өтегеннен кейiн жүзеге асырылады.

      14. Жануарлар бұрынғы меншiк иесiнен оларды қайтару жөнiнде өтiнiш түскенге дейiн сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсiм немесе оның құны жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi.Бұл жағдайда жануарларды бағуға және пайдалануына байланысты жұмсалған қаржының мөлшерi шегерiледi.

      15. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншiк иесi мен қаржы бөлiмi арасында жасалатын келiсiм-шартпен рәсiмделедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады