Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына және Маңғыстау облысының әділет Департаментінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 10-15-480 ұсынысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 шілдедегі № 740 "Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен нысандарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 11-1-91 тіркелген) қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қала әкімінің м.а. | Р.Елтизаров |