Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 шілдедегі № 740 "Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен нысандарын белгілеу туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 277 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына және Маңғыстау облысының әділет Департаментінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 10-15-480 ұсынысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 шілдедегі № 740 "Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен нысандарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 11-1-91 тіркелген) қаулысының күші жойылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Қала әкімінің м.а. Р.Елтизаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады