Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен нысандарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 шілдедегі № 740 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінің Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 18 тамызда № 11-1-91 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 277 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкімдігінің 11.03.2015ж. № 277 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42 бабына сәйкес және Маңғыстау облысының қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті Басқармасының 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 14/32/10-3733 хатын негізге ала отырып, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны сотталушының тұрғылықты жері бойынша атқару үшін тұрғын үй коммуналдық, көгалдандыру, жол шаруашылықтары нысандары белгіленсін.

      2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару үшін қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлері болып қала аумағында жасыл көшеттерді отырғызу және күту, көшелер мен аулаларды абаттандыру және көркейту, шағынаудандар ішіндегі және жергілікті маңызы бар жолдарды санитарлық тазалау қызметтері белгіленсін.

      3. Өмірзақ ауылы әкімі( С.Сейдалиев)- қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқаруды сотталушының тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй коммуналдық, көгалдандыру, жол шаруашылықтары нысандарында қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Хитуовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С.Бекбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады