«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп, көрсетілетін қызметтерді жеке адамдардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 187 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10402 тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) күнтізбелік бес күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________ А. Мамытбеков
2015 жылғы _______ ___________