"Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп, көрсетілетін қызметтерді жеке адамдардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 187 бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 549 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп, көрсетілетін қызметтерді жеке адамдардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 187 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10402 тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      3) күнтізбелік бес күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ауыл шаруашылығы министрі
      _____________ А. Мамытбеков
      2015 жылғы _______ ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады