Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 № 549 бұйрығымен.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 26 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 187 бұйрығымен
бекітілген
Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi
жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сумен жабдықтау жүйелерi саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау қағидалары (бұдан әрi — Қағида) «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және суды және тұтынушылардың қаражатын үнемдеу мақсатында сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) абонент – тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайда сумен жабдықтаудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы бір және одан көп тұтынушылар;
2) сумен жабдықтау – суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
3) су тұтыну көлемінің негізделген шамасы – ауыз суға және тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті айына бір адамға шаққандағы су тұтыну көлемінің шамасы;
4) су тұтынудың орташа айлық көлемі – айына бір рет бір жеке тұлғаға келетін су тұтынудың орташа көлемі;
5) су шаруашылығы ұйымы – қызметі суды реттеуге, жеткізуге, молайтуға, сумен жабдықтауға, су бұруға және су объектілерін пайдалануға байланысты заңды тұлға;
6) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Осы Қағидада пайдаланылған өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін
қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген
шамасын айқындау тәртiбi
2. Су тұтыну көлемінің негізделген шамасын су шаруашылығы ұйымы есептейді және уәуілетті орган жергілікті атқарушы органмен (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігімен) келісу бойынша әрбір су шаруашылығы ұйымы үшін жеке анықтайды.
Егер су шаруашылығы ұйымы сумен жабдықтау қызметтерін екі және одан көп облыстардың аумағында көрсеткен жағдайда, су тұтыну көлемінің негізделген шамасын су шаруашылығы ұйымы әрбір облыс үшін жеке есептейді.
Бұл ретте су тұтыну көлемінің негізделген шамасы сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифті бекітуге арналған өтінімді қарау кезеңінде қарастырылады және оны уәкілетті орган сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифті бекітумен бір мезгілде келіседі.
4. Су тұтыну көлемінің негізделген шамасы судың ең аз көлемін тұтынатын алғашқы 30% халықтың арасында су тұтынудың ең жоғары орташа айлық көлемінен (№1) және судың ең аз көлемін тұтынатын алғашқы 70% халықтың арасында су тұтынудың ең жоғары орташа айлық көлемінен (№2) тұрады.
5. Судың ең аз көлемін тұтынатын алғашқы 30% халықтың арасында су тұтынудың ең жоғары орташа айлық көлемін (№ 1) айқындау үшін өтінім беру алдындағы төрт тоқсанда немесе алдыңғы күнтізбелік жылда суды тұтынудың текше метрдегі (м3) көлемі және тұратын (тіркелген) адам саны әрбір абонент бойынша - суды есептеудің жеке аспаптары бар абоненттер үшін осы Қағиданың қосымшасына сәйкес мынадай кезеңдерге сәйкес таратылады:
1) бір адамға суды орташа айлық тұтыну көлемі «Бір адамға суды орташа айлық тұтыну» бағаны бойынша ең азынан ең көбіне өсу бойынша сұрыпталады;
2) «Тіркелген адамдар саны» бағаны бойынша судың ең аз орташа айлық көлемін тұтынатын алғашқы 30% адам айқындалады;
3) «Бір адамға суды орташа айлық тұтыну» бағаны бойынша судың ең аз орташа айлық көлемін тұтынатын алғашқы 30% халықтың арасында, судың ең көп орташа айлық көлемі бар.
6. Судың ең аз көлемін тұтынатын алғашқы 70% халықтың (№ 2) арасында су тұтынудың ең жоғары орташа айлық көлемін айқындау үшін алдындағы төрт тоқсанда немесе алдыңғы күнтізбелік жылда суды тұтынудың текше метрдегі (м3) көлемі және тұратын (тіркелген) адам саны әрбір абонент бойынша - суды есептеудің жеке аспаптары бар абоненттер үшін осы Қағиданың қосымшасына сәйкес мынадай кезеңдерге сәйкес таратылады:
1) бір адамға суды орташа айлық тұтыну көлемі «Бір адамға суды орташа айлық тұтыну» бағаны бойынша ең азынан ең көбіне өсу бойынша сұрыпталады;
2) «Тіркелген адамдар саны» бағаны бойынша судың ең аз орташа айлық көлемін тұтынатын алғашқы 70% адам айқындалады;
3) «Бір адамға суды орташа айлық тұтыну» бағаны бойынша судың ең аз орташа айлық көлемін тұтынатын алғашқы 70% халықтың арасында, суды тұтынудың ең көп орташа айлық көлемі бар.
7. Бір адамға шаққанда су тұтыну көлемін есептеу кезінде су шаруашылығы ұйымы есепті ондық үлеске дейінгі дәлдікпен жүргізеді. Бұл ретте тұтынушылардың саны жақын жаққа қарай түзетіледі.
8. Уәкілетті орган су шаруашылығы ұйымынан су тұтыну көлемінің негізделген шамасын есептеуге қажетті қосымша ақпаратты, оны ұсыну мерзімін көрсете отырып сұратуға құқылы.
9. Су тұтыну көлемінің негізделген шамасын есептеуді қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган су шаруашылығы ұйымына келісу туралы хат жолдайды.
10. Су тұтыну көлемінің негізделген шамасын қолданысқа енгізу сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтерді қолданысқа енгізе отырып жүзеге асырылады.
Сумен жабдықтау саласындағы
реттеліп көрсетілетін қызметтердi
жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң
негiзделген шамасын айқындау
қағидаларына
қосымша
Абонент |
Тіркелген адамдар саны |
Суды есептеудің жеке аспаптарының көрсеткіштері бойынша он екі айдағы су тұтынудың жалпы көлемі |
Суды есептеудің жеке аспаптарының көрсеткіштері бойынша су тұтынудың орташа айлық көлемі |
Бір адамға су тұтынудың орташа айлық көлемі |
№1 |
||||
№2 |
||||
№3 |