Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 22-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 270 "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5152 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 желтоқсанда "Наше время" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Тіркеуші органға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қаулының жойылғаны туралы хабарлансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Е.Н. Поделоға жүктелсін.
Аудан әкімі Е. Жаманов