Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 270 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 қарашада № 5152 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 03.06.2015 № 99 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттiк мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Е.Н. Поделоға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Жаманов
 

Әкімдіктің          
2014 жылғы 13 қазандағы   
№ 270 қаулысымен бекітілген 

Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің 1 шаршы метрiн пайдалану үшiн жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі 1 айлық есептік көрсеткiштi құрайды.
      1. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледi:
      Жа = Бм *К1 2 *S, мұндағы:
      Жа - мемлекеттік тұрғын емес қор объектісінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Бм - базалық мөлшерлеме;
      К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
      К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
      S - жалдауға алынған үй-жайдың ауданы (шаршы метр).
      Объектiнің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:

Аумақтық аймақ

К1

Денисовка, Некрасовка, Антоновка ауылдар

1,6

Денисов ауданының ауылдық округтері және ауылы

1

      Құрылыс түрiн есепке алатын коэффициент:

Құрылыс түрi

К2

Жеке тұрған

1

Қосымша салынған

1

Жартылай жертөле

0,85

Жертөле

0,70

Қоймалық

0,60

      2. Құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формула бойынша анықталады:
      Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
      Жн - құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      АТ – "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациондық төлемдердiң сомасы;
      БҚ - баланстық құны;
      ҚМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
      3. Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнi жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формулалар бойынша есептеледi:
      аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор үшін:
      Ж = S* Бм *К12/ЖУ*N, мұндағы:
      Ж – жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын объектінің жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      S - ауданы (шаршы метр);
      Бм - базалық мөлшерлеме;
      К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
      К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
      ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
      N - жылдық сағат саны;
      құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттар үшiн:
      Ж = (Жн/ЖУ)*N, мұндағы:
      Ж – құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Жн – құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды жалдау (жалға алу) үшің жылдық жалдау ақысы;
      ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
      N - жылдық сағат саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады