Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы “Нормативтiк құқықтық актiлер туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес Ақсу қаласының әкімі ШЕШІМ қабылдайды:
1. Ақсу қаласы әкімінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі “Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы” № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4446 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде № 16 “Ақсу жолы” және № 16 “Новый путь” газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Ақсу қаласының әкімі Қ. Нүкенов