Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде № 4446 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 15.05.2015 № 3 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, 50-бабың 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Ертіс өзенінде су деңгейі табиғи көтерілуінен тұрғын үйлерді басуына байланысты, Ақсу қаласының әкімі ШЕШІМ қабылдайды:
      1. Ақсу қаласында, Ақсу кентінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою комиссиясының басшысы болып Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Қ.З Арынов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қала әкімі

Қ. Нүкенов

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады