Ақсу қаласы әкімінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 2 шешімінің күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы “Нормативтiк құқықтық актiлер туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес Ақсу қаласының әкімі ШЕШІМ қабылдайды:
      1. Ақсу қаласы әкімінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі “Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы” № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4446 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде № 16 “Ақсу жолы” және № 16 “Новый путь” газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      Ақсу қаласының әкімі                       Қ. Нүкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады