1. Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылдық округінің Сарықамыс ауылындағы Ленин көшесі 18-үйде орналасқан "Қуандық" фермерлік қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 31 наурыздағы "Шектеу шараларын тағайындау туралы" № 1 (Павлодар облысының Әділет департаментінде № 4436 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 17 "Отарқа" және 2015 жылғы 7 мамырдағы № 18 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Екібастұз қаласы | |
Сарықамыс ауылдық | |
округінің әкімі | М. Сейсембаев |