Шектеу шараларын тағайындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 сәуірде № 4436 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 09 қыркүйектегі N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылдық округі әкімінің 09.09.2015 N 2 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Екібастұз қаласының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Сарықамыс ауылдық округінің Сарықамыс ауылындағы Ленин көшесі 18-үйде орналасқан "Қуандық" фермерлік қожалығының аумағына шектеу шараларын тағайындай отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Екібастұз қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" (келісім бойынша) республикалық мемлекеттік мекемесі анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Екібастұз қаласының Сарықамыс
      ауылдық округінің әкімі М. Сейсембаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Екібастұз қаласы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.Т. Садвакасов
      2015 жылғы "31" наурыз
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігінің
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Екібастұз
      қалалық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.К. Жакенов
      2015 жылғы "31" наурыз
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігінің
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      комитетінің Павлодар облыстық
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      департаментінің Екібастұз қалалық
      тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы К.К. Токатов
      2015 жылғы "31" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады