Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 31 наурыздағы "Шектеу шараларын тағайындау туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Екібастұз қаласының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бас инспекторының 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 1-14/252 ұсынысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылдық округінің Сарықамыс ауылындағы Ленин көшесі 18-үйде орналасқан "Қуандық" фермерлік қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
      2. Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 31 наурыздағы "Шектеу шараларын тағайындау туралы" № 1 (Павлодар облысының Әділет департаментінде № 4436 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 17 "Отарқа" және 2015 жылғы 7 мамырдағы № 18 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Екібастұз қаласы
      Сарықамыс ауылдық
      округінің әкімі М. Сейсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады