1. "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесі есептемесінің тәртібін анықтау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 81 қаулысының (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 20 наурыздағы № 3172 тіркелген, 2015 жылғы 02 сәуірдегі № 15 "Колос" газетінде, 2015 жылғы 02 сәуірдегі № 15 "Аққайың" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысының міндеттерін атқарушы С.Қ. Сарсымбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д. Байтөлешов |