"Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесі есептемесінің тәртібін анықтау туралы" Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 81 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 179 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесі есептемесінің тәртібін анықтау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 81 қаулысының (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 20 наурыздағы № 3172 тіркелген, 2015 жылғы 02 сәуірдегі № 15 "Колос" газетінде, 2015 жылғы 02 сәуірдегі № 15 "Аққайың" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысының міндеттерін атқарушы С.Қ. Сарсымбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Д. Байтөлешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады