1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2013 жылғы 5 шілдеде № 2301 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 шілдеде "Есіл таңы" № 30 (377) газетінде, 2013 жылғы 19 шілдеде "Ишим" № 32 (8663) газетінде жарияланған) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 219 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Бектасоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Әбішев |