Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 маусымдағы N 219 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 шілдеде N 2301 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы N 211 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 29.06.2015 N 211 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)14-3) тармақшаларына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағында жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілерін жұмысқа жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

Е. Нұрақаев

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады