«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 539 «Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2438 тіркелген, 2014 жылғы 10 қаңтардағы «Сарыағаш» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Әлсеитовке жүктелсін.
Аудан әкімі Б.Парманов