"Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 539 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 653 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 539 «Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2438 тіркелген, 2014 жылғы 10 қаңтардағы «Сарыағаш» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Әлсеитовке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б.Парманов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады