Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сарыағаш аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2013 жылғы 18 қазандағы № 21-173-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2398 тіркелген, «Сарыағаш» газетінде 2013 жылғы 15 қарашада жарияланған);
2) 2014 жылғы 20 ақпандағы № 28-214-V «Сарыағаш аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 қазандағы № 21-173-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2570 тіркелген, «Сарыағаш» газетінде 2014 жылғы 11 сәуірде жарияланған);
3) 2015 жылғы 27 наурыздағы № 40-343-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Сарыағаш аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 қазандағы № 21-173-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3139 тіркелген, «Сарыағаш» газетінде 2015 жылғы 24 сәуірде жарияланған).
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Ә.Баратов
Аудандық мәслихат хатшысы Б.Садықов