Сарыағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 41-370-V шешімі

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Сарыағаш аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) 2013 жылғы 18 қазандағы № 21-173-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2398 тіркелген, «Сарыағаш» газетінде 2013 жылғы 15 қарашада жарияланған);
      2) 2014 жылғы 20 ақпандағы № 28-214-V «Сарыағаш аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 қазандағы № 21-173-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2570 тіркелген, «Сарыағаш» газетінде 2014 жылғы 11 сәуірде жарияланған);
      3) 2015 жылғы 27 наурыздағы № 40-343-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Сарыағаш аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 қазандағы № 21-173-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3139 тіркелген, «Сарыағаш» газетінде 2015 жылғы 24 сәуірде жарияланған).      

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Ә.Баратов
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б.Садықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады