1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 11995 "Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4104 тіркелген, 2015 жылғы 5 қыркүйекте "Дидар" газетінде, 2015 жылғы 7 қыркүйекте "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апта мерзімінде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі апта мерзімінде ресми жариялау көздеріне осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы С.Ж. Жүніспековаға жүктелсін.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |