Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 11995 "Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қазандағы N 13203 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1, 43-1-баптарына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 11995 "Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4104 тіркелген, 2015 жылғы 5 қыркүйекте "Дидар" газетінде, 2015 жылғы 7 қыркүйекте "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апта мерзімінде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі апта мерзімінде ресми жариялау көздеріне осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы С.Ж. Жүніспековаға жүктелсін.
      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады