Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысына сәйкес, Дайыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Дайыр ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 1 "Дайыр ауылдық округіндегі Көкжыра, Жамбыл, Дайыр ауылдарында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3533 нөмірімен 2014 жылғы 07 қарашада тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 94 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Дайыр ауылдық округінің әкімі | Б.Балғабаев |