Дайыр ауылдық округіндегі Көкжыра, Жамбыл, Дайыр ауылдарында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 20 қазандағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 07 қарашада N 3533 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімінің 25.12.2015 N 2 шешімімен (қабылданған күннен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде Дайыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Дайыр ауылдық округіндегі Көкжыра, Жамбыл, Дайыр ауылдарында мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы С.Қожекеновке осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Дайыр ауылдық
      округінің әкімі Б. Балғабаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зайсан ауданының бас мемлекеттік
      ветеринариялық-санитарлық инспекторы С. Қожекенов

      21 қазан 2014 жыл
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады