Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынысына сәйкес, Сартерек ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Сартерек ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 5 "Сартерек ауылдық округіндегі Сартерек, Когедай ауылдарында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3523 нөмірімен 2014 жылғы 03 қарашада тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 92 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Сартерек ауылдық округінің әкімі | А.Орынбаев |