Сартерек ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 5 "Сартерек ауылдық округіндегі Сартерек, Когедай ауылдарында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы N 7 шешімі

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынысына сәйкес, Сартерек ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Сартерек ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 5 "Сартерек ауылдық округіндегі Сартерек, Когедай ауылдарында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3523 нөмірімен 2014 жылғы 03 қарашада тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 92 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
      Сартерек ауылдық округінің әкімі А.Орынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады