Сартерек ауылдық округіндегі Сартерек, Когедай ауылдарында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Күшін жойғанШығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі N 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 қарашада N 3523 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы N 7 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде Сартерек ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Сартерек ауылдық округіндегі Сартерек, Когедай ауылдарында мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы С.Қожекеновке осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сартерек ауылдық
округінің әкімі А.Орынбаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Зайсан ауданының бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитарлық инспекторы С.Қожекенов
25 қыркүйек 2014 жыл
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз