1. Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" №536 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3772 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 ақпанда, 2015 жылғы 23 қаңтарда "Теректі жаңалығы - Теректинская новь" газетінде №3-4 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімі (А.М.Тулегенова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының көшірмесін бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің аумақтық органына жіберуді;
2) Теректі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулының жариялануын және оны ресми жариялау көздерiне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теректі ауданы әкімінің орынбасары С.Б.Нурмаганбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі | Ж.Сериккалиев |