Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" № 536 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 237 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы ""Нормативтiк құқықтық актiлер туралы"" Заңдарына сәйкес Теректі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" №536 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3772 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 ақпанда, 2015 жылғы 23 қаңтарда "Теректі жаңалығы - Теректинская новь" газетінде №3-4 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімі (А.М.Тулегенова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының көшірмесін бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің аумақтық органына жіберуді;
      2) Теректі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулының жариялануын және оны ресми жариялау көздерiне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теректі ауданы әкімінің орынбасары С.Б.Нурмаганбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімі Ж.Сериккалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады