Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазқстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аршалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № А-304 "Аршалы ауданы жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Аршалы ауданы әділет Басқармасында 2010 жылы 10.08 1-4-172 нөмірмен тіркелген қаулысы. Аудандық "Вперед" газетінде 2010 жылғы 17.08 92 нөмірінде, "Аршалы айнасы" газетінде 2010 жылғы 13.08 33 нөмірлерінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары М.М.Маусынбаеваға жүктелсін.
3. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Аршалы ауданының әкімі | А.Тайжанов |