Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармақтың 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуіріндегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аршалы ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Бекет Тұрсынханұлы Ақшинеевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданы әкімінің м.а | Мұханбеджанов.Т. |