1. Астрахан аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Астрахан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 5С-42-7 "Астрахан ауданында жер салығының ставкаларын арттыру (кеміту) пайыздарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4859 тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдедегі аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімі;
2) Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 5С-39-7 "Астрахан ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4634 тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпандағы аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімі;
3) Астрахан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 5С-41-5 "Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4767 тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпандағы аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ықпал етеді.
Астрахан аудандық мәслихатының сессия төрағасы | А.Мальков |
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы | М.Қожахмет |