Астрахан ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 5С-39-7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 ақпанда № 4634 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 6С-2-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 31.03.2016 № 6С-2-8 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ықпал етеді) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Астрахан ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Шешім Ақмола облысының Әділет депратаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Астрахан аудандық мәслихатының сессия төрайымы Ж.Дүйсекеева
      Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы В.Собеский

      КЕЛІСІЛДІ
      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов

  Астрахан аудандық
  мәслихатының 2014 жылғы 26
  желтоқсандағы № 5С-39-7
  шешіміне қосымша

Астрахан ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары


Елді мекеннің атауы

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар

1
Астрахан ауылдық округі
1.1
Астрахан ауылы
Аудандық мәдениет үйінің алдындағы орталық алаң, Әл-Фараби көшесі, 48
1.2
Тобылжан ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң, Речная көшесі, 33
1.3
Жаңабірлік ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Жеңіс көшесі 13\1
2
Бесбидайық ауылдық округі
2.1
Бесбидайық ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң, Андрей Коваленко көшесі, 39
2.2
Степное ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Орталық көшесі, 29
3
Есіл ауылдық округі
3.1
Зеленое ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң, Молодежная көшесі, 1
3.2
Шілікті ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Бейбітшілік көшесі, 20
4
Жалтыр ауылдық округі
4.1
Жалтыр ауылы
Ауылдық мәдениет үйінің алдындағы алаң, Вокзальная көшесі, 2А
4.2
Ақбейіт ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Киров көшесі,1
5
Жарсуат ауылдық округі
5.1
Жарсуат ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Бауыржан Момышұлы көшесі, 58
5.2
Ягодное ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Достық көшесі, 17
6
Каменка ауылы
6.1
Каменка ауылы
Ауылдық клуб алдындығы алаң, Желтоқсан көшесі, 12
7
Қызылжар ауылдық округі
7.1
Жанатұрмыс ауылы
Ауылдық клуб алдындығы алаң, Абылай хан көшесі, 21
7.2
Оксановка ауылы
Ауылдық клуб алдындығы алаң, Достық көшесі, 87
7.3
Акимовка ауылы
Ауылдың орталық алаңы, Сарыкөл көшесі, 41
8
Колутон ауылдық округі
8.1.
Колутон селосы
Ауылдық клуб алдындығы алаң, Ілияс Есенберлин көшесі, 25
8.2
Бірлік ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Абылайхан көшесі, 17
9
Николаев ауылдық округі
9.1
Петровка ауылы
Ауылдық клуб алдындығы алаң, Абай Құнанбаев көшесі, 35
9.2
Өрнек ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Мәншүк Мәметова көшесі, 21
9.3
Жамбыл ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Абай Құнанбаев көшесі, 66
10
Новочеркасск ауылдық округі
10.1
Новочеркасск ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Мир көшесі, 32 "А"
10.2
Приишимка ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Бейбітшілік көшесі, 1
10.3
Өндіріс ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Қабдрахман Әділбаев көшесі, 43
11
Острогор ауылдық округі
11.1
Новый Колутон селосы
Ауылдық клуб алдындығы алаң, Достық көшесі, 27
11.2
Қаракөл ауылы
Ауылдық клуб алдындығы алаң, Әл-Фараби көшесі, 24
12
Первомай ауылдық округі
12.1
Первомайка ауылы
Ауылдық клуб алдындығы алаң, Садовая көшесі, 52
12.2
Лозовое ауылы
Ауылдық клуб алдындығы алаң, Степная көшесі, 22
12.3
Камышенка ауылы
Ауылдық клуб алдындығы алаң, Мир көшесі, 33
13
Старый Колутон ауылдық округі
13.1
Старый Колутон селосы
Ауылдық клуб алдындығы алаң, Бауыржан Момышұлы көшесі, 34
13.2
Ковыленка селосы
Ауылдық клуб алдындығы алаң, Аманжол Шалтаев көшесі, 42
13.3
Қоскөл ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Жапархан Асаинов көшесі, 9/1
14
Ұзынкөл ауылдық округі
14.1
Ұзынкөл ауылы
Ауылдық клуб алдындығы алаң, Целинная көшесі, 86
14.2
Бұлақты ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Юрий Гагарин көшесі, 15
14.3
Алғабас ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Уахит Құрманғожин көшесі, 3

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады