Астрахан ауданындық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылуы туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 6С-2-8 шешімі

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Құқықтық нормативтік актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Астрахан аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Астрахан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 5С-42-7 "Астрахан ауданында жер салығының ставкаларын арттыру (кеміту) пайыздарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4859 тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдедегі аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімі;
      2) Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 5С-39-7 "Астрахан ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4634 тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпандағы аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімі;
      3) Астрахан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 5С-41-5 "Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4767 тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпандағы аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімі.
      2. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ықпал етеді.
      Астрахан аудандық мәслихатының сессия төрағасы А.Мальков
      Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы М.Қожахмет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады