1. Сандықтау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 07 шілдедегі № А-6/230 "Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-96 нөмірімен тіркелген, "Сандыктауские вести" газетінде 2009 жылдың 27 шілдесінде жарияланған) қаулысы күшін жойған деп танылсын.
2. "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімі аппаратының басшысы С.Құдабайға жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі | А.Исмағамбетов |