Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 шілдедегі № А-6/230 қаулысы. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 шілдеде № 1-16-96 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № А-2/24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 09.02.2016 № А-2/24 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 1-тармағының 5-2)-тармақшасына сәйкес, әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға қолғабыс көрсету мақсатында Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 20.09.2013 № А-9/302 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
      2. Сандықтау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № А-4/61 "2008 жылға арналған Сандықтау ауданының кәсіпорындарындағы жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-76 нөмірімен тіркелген, "Сандыктауские вести" газетінде 2008 жылдың 19 мамырында № 39 (7705) жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Қаулы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сандықтау ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады