Сандықтау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 07 шілдедегі А-6/230 "Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № А-2/24 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 07 шілдедегі № А-6/230 "Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-96 нөмірімен тіркелген, "Сандыктауские вести" газетінде 2009 жылдың 27 шілдесінде жарияланған) қаулысы күшін жойған деп танылсын.
      2. "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімі аппаратының басшысы С.Құдабайға жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Сандықтау ауданының әкімі А.Исмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады